"№48 Жалпы білім білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0
№48 жалпы орта білім беретін мектебі толықтай "ASHYQ" жобасына қосылды
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, МҰҒАЛІМДЕР ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАР!
 
№48 жалпы орта білім беретін мектебі "ASHYQ" жобасына қосылды. Қазіргі эпидемиологиялық ахуалға байланысты жан-жақты сақтық шаралары жасалуда. Осыған орай мектебіміз толықтай "Аshyq" жобасына қосылды. Мектепке кіре берісте ата-аналар мен мекеме қызметкерлері QR-кодты сканерлеп, әкімшіге қосымшадан шыққан нәтижені көрсетуі тиіс. 
Ескертетін жайт, аталмыш қосымша 4 түс негізінде шешім қабылдайды. Мәселен, "Қызыл" түс - үйде оқшаулану режимін білдірсе, "Сары" түсте тек дәріхана мен дүкенге рұқсат етіледі. Ал, "Көк" түс пен "Жасыл" түстегі статус иелеріне қоғамдық орындарда емін-еркін жүріп тұруына болады.
Денсаулық-басты байлық екенін ұмытпайық!!!