Хаттама №5

«№48 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Хаттама №5

Ақтөбе қаласы                                                                                   23.08.2019ж

Қамқоршылық  кеңес  отырысы

Қатысқандар:  

 

1.ИльясовА.К.                                                                                                                      2. Жиентай Д.А.

  1. Абдрахманова Ж.К.
  2. Алдияров Ғ.А.
  3. Айтешова Г.К.
  4. Жаканов Е.М.
  5. Таубаева Ж.К.
  6. Тлеубергенова М.А.
  7. Сарина Б.А.

 

Күн тәртібінде:

1.Мектептің оқу үрдісін бес күндік оқу жүйесіне көшіру

(Директордың оқу-тәрбие ісі жөн.орынбасары Ж.Ж.Жұбатова)

2.Мектептің ішкі ережесі мен тәртібіне өзгерістер енгізу./арнайы металл іздеу құрылғысынан өту/  

(Директордың тәрбие ісі жөн.орынбасары Ж.Е. Қалманова)

3.2019-2020 оқу жылына жаңартылған білім мазмұнына негізделген үлгілік оқу жоспарын енгізу туралы (Мектеп әдіскері Н.Ш.Тилеужанов)

 

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ж.Жұбатова хабарлама жасады. Елбасы «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз» деген болатын. Осы орайда, еліміздегі білім беру саласы жаңа бағытқа бет бұрғаны мәлім. Орта білім беру  мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілді. Ол өз сөзінде жалпы  орта білім беру сала­сына енгізіліп жатқан өзге­рістер­дің өзіндік оңтайлы жақтары да бар екенін ашып айтты. Оңтайлы жақтары деген­ім – ол білім беру жүйесін әлемдік стандарттармен сәй­кестендіру және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мақсатында бейіндік оқыту бағыт­ына көп көңіл  бөлу. Бұл бағыт­тағы жұ­мыстар 2016-2022 жылдарға арна­лған Қазақстан Республикасында білім беру және ғылымды дамыту мемле­кеттік бағдарла­масында айқындалған. Осы бағ­дарла­маны іске асыру аясында орта білім  берудегі енгізілейін деп отырған өзгерістер қызу тал­қылануда. Материалдық-техникалық база толық қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл процесті жүзеге асыруда ең әуелі тапсырыс жасаушының – ата-ана мен баланың  мүддесі толығымен ескеріліп іске асырылуы керек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің VI шақырылымының бірінші сессиясының ашылуына ар­налған ҚР Парламенті палата­ларының бірлескен отырысында Білім және ғылым министрлігіне мектептерде бес күндік оқу аптасына көшу жұмыстарын бастауды жүктеген еді. Барша дамыған елдердегі мектептерде бес күндік оқу аптасы енгізілген. Балаға өзін қалпына келтіруге, педагогқа демалып, алдағы сабақтарға дайындалуға мүмкіндік беріледі. Оқыту аптасы қысқарған кезде білім берудің нәтижелілігі артатынын ғалымдар ғылыми түрде дәлелдеді. Бізге де осы тәжірибені енгізу керек. Әрине, осы жаңалық ата-аналарды елең еткізді. Алты күні бойы оқудан бас алмайтын балаларға, әсіресе, бастауыш сыныптың оқу­шыларына бір жексенбілік демалыстың өзі толық тынығу мен келесі аптаның сабағына дайындалуға көп мүмкіндік бермейтін еді. Жа­ңа білім бағдар­ла­малары Назарбаев зияткерлік мектебі бағдарламасына негізделген деп атап көрсетті. Бұл оқыту жүйесі Қазақстан Республикасындағы орта білім беретін мекемелердің жаңаша оқыту үрдісіне көшуіне байланысты барлық мектептерде қолданысқа енгізілгендігін айта келіп, ол бүгінгі күннің талабы екендігін түсіндірді. Айта кетерлігі, оқушыларды жаңа үлгіде оқыту үшін мұғалімдер де талапқа сай болуы керек. Ұдайы, жан-жақты білімін жетілдіріп, оқушы үшін озат тұлғаға айналуы тиіс деп атап өтті. Сонымен қатар, бірінші сынып оқушылары үшін бір жыл ішінде қосымша бірапталық демалыс болуы тиіс. Жалпы білім беретін мекемелерде оқу жүктемесі сыныптар бойынша көрсетілген нормадан аспауы керек. Оқу жүктемесі ұлғайған жағдайда сабақ кестесі қамқоршылық кеңесі және ата-аналар комитетімен келісілуі қажет екендігі де ескертілді.Мектептің қамқоршылық кеңесіне педагогикалық кеңестің қаулысы негізінде 2019-2020 оқу жылында мектептің оқу үрдісін  бес күндік оқу жүйесіне көшіру туралы ұсыныс жасалды.

Мектептің ішкі ережесі мен тәртібіне өзгерістер енгізу туралы екінші сұрақта «Мектептің ішкі тәртіп ережелері, оқушылардың құқықтары мен міндеттері» туралы айтыла келіп, оқушылардың білімі мен тәрбиесі үшін жасалған мектептің барлық талаптарын оқушылар міндетті түрде орындауға тиісті екені баяндалды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Е.Қалманова бүгінгі күннің талабына сәйкес бекітілген ережеге ішінара өзгерістер енгізудің мақсаты Қазақстан Республикасы жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу және дамыту, оқушыларға мектепте білім алуға қолайлы жағдай туғызу және мектеп маңайында оқушылардың жүріп тұруына қауіпсіздік жасау, мектептің, өзінің және басқаның мүлкін , мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға және ұстаздар мен басқа жұмыскерлердің еңбегіне құрметпен қарау деп атап өтті.Сонымен бірге сабақ кезінде мұғалімнің немесе оқу меңгерушісінің рұқсатынсыз мектептен және оның маңайынан, өз бетінше спорттық, мәдени және сыныптан тыс шаралардан кетуге болмайтыны, мектепте және оның маңайына жарылғыш, жанғыш, сұйық заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, газ баллондарын, шылым мен спирттік ішімдіктерді, есеңгірететін және уландыратын заттарды әкеліп пайдалануға қатаң тыйым салынатыны, сол үшінде мектеп кіре берісіне металл іздеу қондырғысының орнатылатынын және барлық мұғалімдер мен оқушылар міндетті түрде осы қондырғы арқылы мектеп ғимаратына кіргізілетінін айтты.

2019-2020 оқу жылына жаңартылған білім мазмұнына негізделген үлгілік оқу жоспарын енгізу туралы мектеп әдіскері Н.Ш.Тилеужанов хабарлама жасады. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру – оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.  Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет екендігі атап өтілді. Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторларды айтатын болсақ, ол: әлем стандартына сай білім беру; бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу; мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы мақсаты: бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды, мұнда тақырыптар әртүрлі деңгейде қайталанады, кейде бір тоқсан аясында, кейде әр тоқсан сайын; әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі, мұнда тақырыптар әрбір келесі деңгейде алдыңғыға қарағағанда анағұрлым күрделі әрі тереңдетіліп оқылуы тиіс; жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады, мұнда деңгей жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып отыруы керек. Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар іс-әрекет етеді.Міне,осылар жөнінде толық мағлұматтар берілді. Кеңес мүшелерінің сұрақтарына мектеп әдіскері Н.Ш.Тилеужанов мысалдар келтіре отырып жауап берді.

 

Қабылданған шешім:

1 Сабақ жүргізу үрдісін бес күндік оқу жүйесіне көшіру мақұлдансын.

2.Мектептің ішкі ережесі мен тәртібіне өзгерістер енгізілуі дұрыс деп есептелінсін.(арнайы металл іздеу құрылғысынан өту)

3.2019-2020 оқу жылына жаңартылған білім мазмұнына негізделген үлгілік оқу жоспары қолданысқа енгізілсін.

Кеңес мүшелері:

  1. Абдрахманова Ж.К.
  2. Айтешова Г.К.
  3. Алдияров Ғ.А.
  4. Жаканов Е.М.
  5. Таубаева Ж.К.
  6. Тлеубергенова М.А.
  7. Сарина Б.А.

 

Қамқоршылық кеңес төрағасы:                                     Жиентай Д.А.

 

Қамқоршылық  кеңес хатшысы:                                         Аязбаев М.А.

 

 

 

 

 

«№48 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Хаттама №6

Ақтөбе қаласы                                                                                   25.12.2019ж

                                            Қамқоршылық  кеңес  отырысы

Қатысқандар:  

 

1.ИльясовА.К.                                                                                                                      2. Жиентай Д.А.

  1. Абдрахманова Ж.К.
  2. Алдияров Ғ.А.
  3. Айтешова Г.К.
  4. Жаканов Е.М.
  5. Таубаева Ж.К.
  6. Тлеубергенова М.А.
  7. Сарина Б.А.

 

Күн тәртібінде:

 

  1. Қамқоршылық кеңестің жылдық есебі

(Қамқоршылық кеңес төрағасы Д.Ә.Жиентай )

  1. Оқушылар құқығының қорғалуы туралы

(Директордың тәрбие ісі жөн.орынбасары А.М.Құлбасова)

3.Ата-анасының қамқорынсыз қалған, аз қамтылған, жетім балаларға көрсетілген көмектер және осы бағыттағы атқарылған жұмыстар туралы

 (Әлеуметтік педагог Е.С.Удин, Мектеп психологы  Г.Т.Сағындықова)

  1. Қамқоршылық есеп шотындағы қаражатты пайдалану бойынша есебі

(Мектеп директоры А.К.Ильясов)

 

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңес төрағасы Д.Ә.Жиентай сөз алып, 2019 жылдың төрт тоқсанына белгіленген мәселелердің толық талқыланғанын, білім беру ұйымына қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетілетінін және осы қағидаларда көзделген тәртіппен қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша жұмсалатынын атап өтті.Бұлар білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге әлеуметтік қолдау көрсетуге; беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге; спортты дамытуға, дарынды балаларды қолдауға;

Білім беру ұйымы жыл сайын қаржылық жылдың қорытындысы бойынша сол білім беру ұйымының интернет-ресурсында, тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органының өзінің интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы қайырымдылық көмек қаражатының пайдаланылуы және қозғалысы туралы  ақпарат берді.

          Оқушылар құқығының қорғалуы туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.М.Құлбасова хабарлама жасады. Бүгінгі күні бала құқықтарын қорғау – тәрбиенің басты мәселелерінің бірі. Оған барша қауым, мектеп ұстаздары, ата-аналар жауапкершілікпен қарау қажет. Ата- бабаларымыз сан ғасырдан бері қорғап келген жеріміз, еліміздің тәуелсіздігі, бостандығы және дамыған ел болуы осы балалардың қолында екенін жақсы түсінеміз. Заман талабына сай балаларды жоғары деңгейде оқытып, ел болашағын қолында ұстайтын ұрпақ тәрбиелеу – біздің басты және ең ардақты мақсатымыз болып табылады деп атап көрсетілді. Сонымен қатар әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар. Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, баланың мүддесін ескере отырып, ата - аналар өз құқықтарын пайдаланып, баланың мүддесіне қарама - қайшы келетін,не жағымсыз жағдай туындататын жағдайлардан қашық болу керек. Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенцияға сәйкес Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді; Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы; Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы; Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес; Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ; Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы; Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар; Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы; Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы; Бала өз ойын еркін айтуға құқылы. Міне, осылар жөнінде кеңес мүшелеріне кең мағлұмат берілді.
         Ата-анасының қамқорынсыз қалған, аз қамтылған, жетім балаларға көрсетілген көмектер және осы бағыттағы атқарылған жұмыстар туралы Әлеуметтік педагог Е.С.Удин, Мектеп психологы  Г.Т.Сағындықова баяндады. Қалалық білім бөлімінің 10.07.2019 жылы шыққан  «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу туралы №1073 бұйрығы негізінде мектепте «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Мектеп ұжымы және ата аналар қауымы,сонымен қатар жеке кәсіпкерлер,үкіметтік емес ұйымдар,мемлекеттік органдар «Мектепке жол» республикалық акциясы өтіп жатқандығы туралы хабардар етіліп,хаттар жолданды. Акция аясында мектеп ұжымының демеушілігімен 4 оқушыға 16000 теңге көлемінде қажетті киім алынып берілді. «Қызыл ай» қоғамы 4 оқушыға заттай демеушілік жасады және жеке кәсіпкер«Уралбаева» 8 оқушыға 20000 теңге көлемінде сабаққа қажетті сумка, оқу-құралдары алынып берілді. Мектептің ардагер ұстазы А.Кенжебаев мектептің шағын ауданында тұратын жетім А.Нурушовтың  тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі есеп шотына  6000 теңге аударды. «Мектепке жол» республикалық акциясы өз деңгейінде өткізіліп, қорытындысы туралы мәлімет қалалық білім бөліміне тапсырылған.  өз деңгейінде өткізіліп, қорытындысы туралы мәлімет қалалық білім бөліміне тапсырылған. 2019 жылдың  27 қарашасында №48  ЖББОМ де жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек қолын созу мақсатында «Ризашылық мейірімділік бұлағы» атты қайырымдылық мекрекесі аталып өтті.Осы қайырымдылық шарасынан түскен 30000 теңге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Кулмурзмна Фатиманың, бала жасынан мүгедек Дәурен Қайратұлының жеке есеп шоттарына аударылған. «Kazpolimer-Itd» ЖШС , ЖК «Курочкина»  және мектеп мұғалімі М.А. Аязбаевтың демеушілігімен 18 оқушыға жаңа жылдық сыйлықтар табысталған. Әлеуметтік топтағы аз қамтылған  және көп балалы отбасыдағы 50оқушыға жаңа жылдық сыйлық берілген. Мектеп психологы Г.Т.Сағындықова психологиялық жұмыстардың негізгі бағыттарын баяндай келе мектептегі сәтсіз отбасы балаларымен әр ай сайын құқық бұзушылық, сабақ үлгерімі, тәртібі т.б. жайында жеке әңгіме жүргізіліп тұратынын, мектепішілік тәртіп бұзушы оқушылар: А.Каербаев, А.Қамысбаева, Д.Тілепқалиевпен тәрбиелік жұмыс түрлері жүргізілді, оның ішінде әңгімелесу, психологиялық тесттер, проективті әдістер өткізілгендігін айтты.

Класс жетекшісінің ұсынысымен сәтсіз отбасы балалары К. Медет, М.Аманжол, Ж.Ирзаков, А.Аманжолмен әңгімелесу, психологиялық тестер, сауалнама жүргізілді. Көп балалы отбасындағы М.Юсуппен, сонымен қатар әкесі жоқ оқушылар: Ә.Зейн, Н.Жағыпарұлы, Д.Өтегендермен жеке жұмыстар жүргізілді. Осы оқушылардың ата-аналарымен жеке сөйлесу өткізіліп, сауалнамалар алынды және бағыт-бағдарлар берілді. Оқушылардан «Бопсалау, зорлық-зомбылық», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбына сауалнама алынып, нәтижесінде еш қауіптің жоқтығы анықталды деп қорытындылады.

         Қамқоршылық есеп шотындағы қаражатты пайдалану бойынша мектеп директоры А.К.Ильясов сөз алып жалпы білім беру ұйымына қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетілетінін және осы көзделген тәртіппен қамқоршылық кеңестің 25.07.2019 жылдағы кезекті 4 –ші отырысының шешімі бойынша жұмсалғанын атап өтті. Оның ішінде білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге, спортты дамытуға, дарынды балаларды қолдауға да барынша көмек көрсетілуі керектігін, ол бүгінгі күннің талабы екеніне тоқтала келе қамқоршылық кеңестің есеп шотындағы 35 000 теңге мектептің спорт залын жаңғырту жұмыстарына (сырлау,әрлеу) пайдаланылғанын айтты.

 

Қабылданған шешім:

  1. Қамқоршылық кеңес төрағасының жылдық есебі мақұлдансын.
  2. Оқушылар құқығының қорғалуы туралы құжаттар оқушылар мен ата-аналар арасында кеңінен насихатталып, түсіндірме жұмыстары жүйелі жүргізілсін.

3.Ата-анасының қамқорынсыз қалған, аз қамтылған, жетім балаларға көрсетілетін  көмектер және осы бағыттағы жұмыстар оқу жылы бойы жалғастырылсын.Мектепішілік тәртіп бұзушы оқушылармен мектеп психологы жұмысты әрі қарай уақытылы жандандырып, тәртіп бұзудың алды алынсын.

4.Қамқоршылық есеп шотындағы қаражат мектеп мұқтажына тиімді пайдаланылсын.

Кеңес мүшелері:

  1. Абдрахманова Ж.К.
  2. Айтешова Г.К.
  3. Алдияров Ғ.А.
  4. Жаканов Е.М.
  5. Таубаева Ж.К.
  6. Тлеубергенова М.А.
  7. Сарина Б.А.

 

Қамқоршылық кеңес төрағасы:                                     Жиентай Д.А.

 

Қамқоршылық  кеңес хатшысы:                                         Аязбаев М.А.