Қамқоршылық кеңес

№48 орта мектебі

Қамқорщылық кеңес отырысы

Хаттама №2

 

 

Қатысқандар:

Қамқоршылық кеңес төрағасы                 Жиентай Д.А.

Кеңес мүшелері:                                         Жаканов Е.М.

                                                                      Аязбаева И.С.

                                                                      Алдиярова.Ғ.А

                                                                      Жумашева Б.

                                                                      Сарина Б

                                                                      Құлтаева Г.Т.

 Хатшы:                                                        Ажигалиева Ж.М.

 

 

Шақырылғандар:  Мектеп директоры:   Ильясов А.К.

                            Шаруашылық меңгерушісі: Джумагулова Ж.У.

 

 

 

Күн тәртібінде:

 

  1. Мектептің материалдық базасының жағдайы

                                         Баяндамашы:     Ильясов А.К.

  1. Мектеп ғимаратын 2018-2019 оқу жылына даярлау.

                                     Баяндамашы:    Джумагулова Ж.У

1.Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры сөз алды. Ол өз сөзінде мектептің 2001 жылы 1  қыркүйекте ыңғайластырылған ғимаратта  ашылғанын және қазіргі күні осы мектепте 363 оқушы және 22 мектеп алды даярлық тобында тәрбиеленушілер білім алып жатырғанын мәлімдеді.  Мектептің мұғалімдер ұжымында 42 ұстаз жұмыс жасайды. Оның ішінде мектепте  18 оқу кабинеті бар. Оның ішінде 4 оқу кабинеті паспортталған. Осы кабинеттерде оқыту кабинеттік жүйе негізінде іске асырылады. Мектепте 35 компьютер, 2 жабдықталған информатика кабинеті, және 5 интербелсенді  тақта кабинеттерде  орнатылған. Мектеп спорт залы, мәжліс залы, технология кабинеттері толық жабдықталған. Мектеп кітапханасы тұрақты жұмыс жасайды, бірақ оқушыларды оқулықтармен толық қамтамасыз етуге кітапхана қорының жағдайы толық жетпейді. Мысалы: жетіспейтін  9,10,11 кластарға арналған оқулықтар   саны -   340  дана.

Жаңа буын оқулықтар жеткілікті. Мектептің ауласын жабдықтау мақсатында қалалық білім бөліміне спорт алақайына тапсырыс берілді. Мектепке Kundelik.kz  бағдарламасын орындау мақсатында оқу кабинеттеріне жетіспейтіні компьютерлер саны 20 дана. Мектепке лингафондық кабинет  және спорт инвентарлардың толықтырылуы  (қысқы спорт түрлеріне) өте қажет. Класс кабинеттерінде орналасқан ескі парталар мен тақталарды ауыстыру қажеттілігі туындауда. Қазіргі кезде ауыстыруға  75 парта қажет.

Мектеп директоры сөзін қорытындылай келе,  мектептің материалдық базасын білім саласындағы болып жатқан өзгерістер мен талаптарға сәйкес толықтырып отыру заман талабы екендігін айтып өтті.

         Бірінші мәселе бойынша талқылауға қатысқан Е.Жаканов өз сөзінде: Мектептің материалдық базасын толықтырып отыру қажеттігін әсіресе ақпараттық технологияға қажетті қондырғыларды бірінші кезекте жабдықтау қажеттігін атап өтті. Сондықтан бюджеттен қаржыландырылатын мекеме ретінде мемлекеттен осы бағдарламаларды орындауға қаржы бөлінетіндігін және оның мақсатты жұмсалуын министірлік пен әкімшіліктер ұйымдастыратынын атап өтті.

         Екінші мәселе бойынша мектеп шаруашылық меңгерушісі Ж.Джумагулова сөз алып, ол өз сөзінде: Мектеп ғимаратының ескілігі және соңғы күрделі жөндеудің 2008 жылы өткізілгенін айта келіп мектеп ғимаратының төбесі,  ішкі - сыртқы жары, едендерімен кабинеттердің есіктері, электр жүйесі, жылу жүйесі жөндеуді қажет ететіндігін атап өтті. 2018 жылға мектепті қаржыландыру жоспарында мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына және косметикалық жөндеу жұмыстарына қаржы қарастырылмаған. Осы жылы қалалық білім бөліміне төбенің және мектеп ішінің жөндеу жұмыстарына құны 13 млн.тг болатын сметалық құжаттар жасалынып сұраныс тапсырылған болатын. Бірақ  әзірге қаржы бөлінген жоқ.

Мектеп төбесінен су ағуын тоқтату мақсатында екі жыл бойына саллофандар қолданылуда. Су екінші қабатта орналасқан 6 оқу кабинетінің төбесінен ағуда. Бұл жағдай қалалық білім бөліміне әлденеше рет хабарланды. Бірақ әзірге ешқандай қаржылай көмек көрсетілген жоқ. Өз сөзінің соңында кеңес мүшелерінен мектептің ішкі косметикалық жөндеу жұмыстарына мектеп ата-аналарын немесе басқа спонсорлар тарту қажеттілігін айтып, көмек сұрады.

Екінші мәселе бойынша кеңес мүшелері қызу талқылауға қатысты. Мысалы: Кеңес мүшесі Сарина Б: «Қалалық әкімшіліктен мектеп қажеттілігіне қаржы бөлу қажеттілігін талап ету»,  кеңес мүшесі:  Құлтаева Г:  «Ата-аналары қауымының ауқатты бөлігінен спорсорлар табу қажеттігін», кеңес төрағасы Д.Жиентай: «Ауқатты спонсорлар табу және мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу үшін қалалық маслихатқа хат жазу қажеттілігін», кеңес мүшесі Ж.Ажигалиева: «Спонсорлар табудың өте қиындығын айтып өтті. Бұл обылыстық және қалалық әкімдіктердің билігі, құзырлылығы арқасында шешіледі.Біздің  мектеп түлектерін және мектеп ата-аналар қауымын осы жұмысқа тарту нақты мүмкіндігіміз болып табылады».

Кеңес мүшелері қаралған мәселелерді қорытындылай келе дауысқа салып, көпшілік дауыспен төмендегідей шешім қабылдады.

 

                                                Қаулы

  1. Мектеп ғимаратын 2018-2019 оқу жылына даярлау мақсатында жөндеу жұмыстарына спонсорлық көмек көрсетуге мектеп ата-аналар қауымының белсенді және ауқатты бөлігін өз еріктерімен тартылсын.
  2. Мектептің ауқымды жөндеу жұмыстарына және материалдық базасын нығайтуға арналған жұмыстар жан-жақты жүргізілсін.